Келер жылдан бастап Ashyq статусы көк адамдар қоғамдық орындарға бара алмауы мүмкін

Үкімет коронавирусқа қарсы жаңа шектеулер енгізуі мүмкін


28/12/2021
14:22 37802 0

Фото: kapital.kz

 

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап Қазақстанда Ashyq статусы көк адамдар қоғам орындарына бара алмауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкіметке осындай ұсыныс жасады

 

— Сауда орталықтары мен үйлері, спорт, фитнес және йога орталықтары, караоке, бассейн, сауна мен монша, банктер мен «Қазпошта», Халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-тағы статусы жасылдарға ғана кіруге рұқсат беретін шара қолдану керек, — дейді ол үкімет отырысында. 

 

Бүркітбаев мұндай норма коронавирустың өршуіне кедергі болады дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

28/12/2021 14:22
37802 0

Уведомление